16.05.2024, 11:06 44686

Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Сурет: gov.kz
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Айта кетейік, бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті "Қазсушар" филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.

Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

Сонымен қатар, "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай - ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр", - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны