03.05.2024, 10:53 76141
Костенко шахтасынан шыққан түтін салдарынан 190-ға жуық шахтер эвакуацияланды
Достарға айту
Костенко шахтасынан шыққан түтін салдарынан 190-ға жуық шахтер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Қарағандыда Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде түтін пайда болды. Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды", - деп көрсетілген хабарламада.
Оқиға туралы хабар түскен сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі құлақтандыру жүйесі де іске қосылды.
Сағат 19:45-те датчик сигнал беріп, түтіннің жойылуына қарамастан, шахталар мен басқа да горизонттағы 194 кеншіні эвакуациялау және шығару туралы шешім қабылданды.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды.
⚡️Алдын ала себебі - жасанды дененің төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы. Бұл конвейер таспасында түтіннің шығуына себеп болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.05.2024, 12:16 6121
Ақтөбе облысындағы үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты
Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды
Достарға айту
Ақтөбе облысындағы үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Оқиға осы түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған.
Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды.
ТЖД құтқарушыларының күшімен 90 км.м алаңдағы өрт жойылды, себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 11:42 10756
Семейде әпкелі-інілі екі жасөспірім жоғалып кетті: бір жарым айдан кейін қыздың денесі табылды
https://t.me/POLICE_of_KZ/12329
Достарға айту
Інісі мен әпкесі Семейде жоғалып кетті: бір жарым айдан кейін қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдемесіне сәйкес, жоғалған жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді.
Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.
15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында суда табылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.
- Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:54 19691
Павлодар әкімі мұғалім мен сыныптасына пышақ жұмсаған оқушы көмекке мұқтаж деп есептейді
Достарға айту
Павлодар әкімі мұғалім мен сыныптасына пышақ жұмсаған оқушы көмекке мұқтаж деп есептейді, деп хабарлайды Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін қалалық білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткіздім. Кешегі №14 мектепте болған оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен орын алған болуы мүмкін екенін мойындауға тура келеді",- деп мәлім етті әкім.
Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі: білім беру мекемесі бұрын террористік лаңкестікке бейім нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.
Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны - мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар.
Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ. Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды.
Білім беру бөліміндегі қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің штатын кеңейту шаралары қабылданады. Жиын қорытындысы бойынша қолайсыз отбасылар мен агрессия танытатын балаларды прокурорлар бақылауға алатын болып шешім қабылданды.
Олардың орындалуына сұраныс қатал болады, мен кепілдік беремін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2024, 09:46 38646
Атырау облысында ежелгі Сарайшық қалашығын су басу қаупі төніп тұр
Достарға айту
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асып түсті. Жайық өзенінде судың одан әрі көтерілуі күтілуде. Барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Табиғи апатпен күреске жергілікті тұрғындар, еріктілер және әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді түрде атсалысуда.
Индер ауданында жер бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Қорғаныс бөгеті Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол және Елтай елді мекендерінде салынған. Аталған жұмыстарға 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери қызметші және 100-ге жуық ТЖ қызметкері, оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында 17 елді мекен орналасқан. Оларды қорғау үшін 80 км жағалауды нығайтатын бөгеттер салынды. Ауданда бөгеттердің жалпы ұзындығы 105,8 км құрайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, оларға 130 арнайы техника, 650 әскери қызметші, 200-ден астам ТЖ қызметкері, 300-ге жуық ерікті мен жергілікті тұрғындар тартылды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Махамбет ауданының әкіміне ежелгі Сарайшық қалашығы маңындағы Жайық өзенінің бойындағы бөгетті тағы да қосымша көтеруді тапсырды.
Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының жүздеген қызметкері мен ондаған техника тартылады. Біздің тарихи мұрамызды қорғауға және сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет", - деп тапсырды Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.05.2024, 12:51 51541
Қазақстандағы су тасқыны: 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 451 үй мен 43 аула аумағын судың бағыты бұрылып, су сорылды, су басқан 784 үй мен 364 аула аумағында су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 255 512 текше метр су сорылды. Қызылжар ауданының Затон, Бескөл, Кривозерка ауылдарындағы үйлер мен аула аумақарынан су толығымен бұрылып, сорылды.
Атырау облысының Құлсары қаласында өткен тәулікте 6 үйден су сорылды, су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 43 181 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында 2 км бөген салу қалды, жұмыстар жалғастырылуда.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 100 қапшық пен 240 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталуда.
Республика бойынша 17 637 млн еріген қар суы сорлып, 10 470 тұрғын үй мен 3 258 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 276 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 115 адам, 1 032 техника, 321 су сору құралы және 60 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.05.2024, 10:36 52421
Еліміздегі су тасқынына байланысты ахуал
Достарға айту
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 451 үй мен 43 аула аумағын судың бағыты бұрылып, су сорылды, су басқан 784 үй мен 364 аула аумағында су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 255 512 текше метр су сорылды. Қызылжар ауданының Затон, Бескөл, Кривозерка ауылдарындағы үйлер мен аула аумақарынан су толығымен бұрылып, сорылды, деп хабарлайды ҚТ ТЖМ баспасөз қызметінен.
Атырау облысының Құлсары қаласында өткен тәулікте 6 үйден су сорылды, су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 43 181 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында 2 км бөген салу қалды, жұмыстар жалғастырылуда.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 100 қапшық пен 240 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталуда.
Республика бойынша 17 637 млн еріген қар суы сорлып, 10 470 тұрғын үй мен 3 258 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 276 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 115 адам, 1 032 техника, 321 су сору құралы және 60 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2024, 20:06 63151
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Достарға айту
Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41-шақырымында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты.
Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.
Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2024, 19:42 63431
Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды
Достарға айту
Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған. Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.
ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 16:44Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады 16.05.2024, 17:43 84046Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды16.05.2024, 17:53 83626Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 11:47 72386Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды12.05.2024, 10:05 68716"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді
24.04.2024, 18:17 157786Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156086Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153066Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132496Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131506Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады