24.04.2024, 18:12 156116
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады).
Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды.
Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты.
Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.05.2024, 12:47 35761
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы
Қазіргі уақытта Қазақстанда 275 музей жұмыс істейді
Достарға айту
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 275 музей жұмыс істейді. Оның ішінде 16 - республикалық, 15 - музей-қорық, 244-өңірлік музей бар. Жыл сайын музейлерге келушілер саны артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бері миллионнан астам адам мәдени нысандарға барған.
Қазақстанның алғашқы мемлекеттік музейі, еліміздегі музей ісінің қалыптасуына мұрындық болған - ҚР Орталық мемлекеттік музейі. Мұражай Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі музейлердің бірі болып саналады. Биыл музейдің ашылғанына 104 жыл толады, ал 95 жыл бұрын музей Алматыға көшірілген.
Қазір музейде мәдени-ағарту, экспозициялық-көрме, сақтау, ғылыми-зерттеу, реставрация, коллекционерлік, есепке алу, редакциялық-баспа қызметтері бар және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді.
ҚР Орталық мемлекеттік музейі қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени игілік тізіліміне енгізілген.
Айта кетейік, музей - әрқашан адамзат тарихы мен мәдени мұраның сақтаушысы, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық, білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазақстан музейлер қорында 4 000 000-нан астам музей заты бар, олардың 360 мыңы Ұлттық мәдени игілік объектілері қатарына енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:44 35996
Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды
Достарға айту
Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Медеу ауданының прокуратурасына Алматы қаласы Медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің заңсыз тексеру мәселесі бойынша жеке клиникалардың бірінің басшысы хабарласты.
Анықталғандай, департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен.
Осы өтініш негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізді.
Прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтады.
Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өтті.
Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 175 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:12 36581
Президент су тасқынынан зардап шеккендерді сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды
Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.
Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.
Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 12:26 63001
Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды, деп хабарлайды Үкімтеттің баспасөз қызметінен.
ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.
17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.
Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді.
Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 11:24 64411
Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен жабдықтау жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Риддердің жылу желілерінде былтыр жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары олардың тозу деңгейін 78,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, бұл тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әлі де жеткіліксіз. Жалпы алғанда, өткен жылыту маусымында жылу желілерінде 25 технологиялық бұзушылық фактісі тіркелді, соның салдарынан тұтынушылар үшін шектеулер енгізілді.
Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының "Водоканал" ШЖҚ МКК жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам учаскеде жұмыстар жүргізілмек.
Естеріңізге сала кетейік, бір айдан аз уақыт бұрын ҚР Премьер-Министрі Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін реконструкциялауға қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойған болатын. Атап айтқанда, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,9 млрд теңге бөлінді.
Жалпы алғанда, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары аясында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногорск, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр.
Республиканың жылу көздері мен жылу желілерін кешенді түрде жаңғырту мәселесі ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:53 86626
Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды
Достарға айту
Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңды бұзуы қасақана жасалғанын көрсетеді.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға, ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері тоқтамауда.
Ағымдағы жылы соттың басқару құқығынан айыру туралы шешіміне қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды.
Мәселен, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сот оны жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Мас жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіпті екенін ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:43 87046
Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды
Достарға айту
Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", деп көрсетілген Жарлық мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 16:44 88886
Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады
Достарға айту
Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биыл 3 млн-нан аса баланы белсенді жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оқушылар үшін 10 мыңнан аса лагерь қызмет көрсетпек. Балаларға демалыстан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай түрлі танымдық шаралардың ұйымдастырылуы биылғы жаз мезгілінің басты өзгешелігі болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемек. Одан бөлек, әр түрлі танымдық шаралар қарастырылып отыр. Мәселен, Атырау облысында "Kids university" жобасы шеңберінде балалар уақытша "студенттік билет" алып, бірнеше күн ерекше сабақтар арқылы ғылым әлеміне бойламақ.
Орта сынып оқушыларына экскурсиялық-туристік бағдарламалар ұсынылатын болады. Балалар туған өлкесінің тарихи, мәдени мұраларымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл мектептерінің оқушылары үшін Петропавл қаласына сапарлары ұйымдастырылады. Мұнда оларға шаһардың көрнекі орындары көрсетіліп, тарихи ескерткіштер мен мұражайларға танымдық саяхаттар қарастырылады.
Шығыс Қазақстан өңірінде балаларға "Қонақжай отбасы" жобасы ұсынылады. Оның аясында ниет білдіргендер қазақ тілін меңгеруге және аймақтың әсем табиғаты мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады. Жобаға қатысушылар 20 күн бойы ауылдық елді мекендердегі отбасыларда тұратын болады.
Жоғары сынып оқушылары үшін колледж бен жоғары оқу орындары базасында мамандандыру бағытындағы бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 94%-ы қамтылатын болады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтардың балалары ерекше назарда болады. Тасқын басталған кезден бастап 614 бала оқу-сауықтыру орталықтарында болған. Қазіргі таңда ол нысандарда 629 бала демалып жатыр. Жазғы демалыс кезінде 3 833 баланы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған.
"Оқу-ағарту министрлігі аймақтардағы оң тәжірибелердің кеңінен таралуын қолға алуы тиіс. Шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілгені жөн. Бүгінде демалыс, сауықтыру орындарын тексеру және қабылдау кестесі бекітілген. Оның сақталуын мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері тұрақты бақылауда ұстауы қажет", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 16:44Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады 16.05.2024, 17:43 87541Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды16.05.2024, 17:53 87121Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 11:47 73481Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды12.05.2024, 10:05 68741"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді
24.04.2024, 18:17 157811Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156111Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153096Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132521Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131531Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады